Жамбыл облысы, Қордай ауданына қарасты Отар ауылындағы гвардиялық гарнизонда әскери қызметкер өз-өзіне қол салды, деп хабарлады Elorda.info.
«Биыл 22 қарашада Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімнің офицері А. өзіне қол жұмсады. Қайтыс болған жігіттің өлер алдында жазған хаты табылды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі мен туыстарының өтінішіне қарай өзге ақпарат жарияланбайды», - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.