Нұр-Сұлтан -4.8°
23.11.2021, 10:15
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Асқар Мамин эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды, деп хабарлады Elorda.info.

Асқар Мамин эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтылығы туралы баяндады. Инфекциялық төсектер 30%, реанимациялық төсектер 25% толы.

Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша «қызыл аймақта» тұр, Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстары – «сары аймақта». Қалған өңірлер және жалпы Қазақстан Республикасы «жасыл аймақта» орналасқан.

Бүгінгі таңда 8,7 млн-ға жуық адам вакцинаның бірінші компонентін алды – бұл ересек тұрғындардың 76%-ы, сондай-ақ 8 млн-ға жуық адам немесе ересек адамдардың 70%-ы екінші компонентін алды.

Тұмаудан вакциналау 99%-дан асты.

22 қарашада барлық өңірде коронавирус ревакцинациясы басталды.

Үкімет басшысы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды, әсіресе шекара маңындағы облыстарда тұрақты бақылауда ұстауды, вакциналау қарқынын арттыруды, сондай-ақ вакциналарды сақтау және тасымалдау режимін қамтамасыз етуді тапсырды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері