Нұр-Сұлтан
23.11.2021, 07:01
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Бүгін елордада қандай іс-шаралар өтеді?

Elorda.info бүгін, яғни 23 қараша күні Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

Бүгін елордада қандай іс-шаралар өтеді?

9.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде санитариялық-эпидемиологиялық жағдай, жергілікті қамтуды дамыту мәселелері және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері қаралады.

9.30-да гибридті форматта цифрлық трансформацияға арналған ШЫҰ Банкаралық бірлестігінің халықаралық конференциясы өтеді. Шараны «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ ұйымдастырады.

11.00-де ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында музейінде «Елбасы елімен бірге» альбомының тұсаукесері мен Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырылған «Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Қос шара да Елбасы кітапханасының «Қазақстан жолы» жобасы аясында өткізілмек.

11.00-де Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтеді. Онда мониторинг топтардың жұмыс істеу алгоритмін сақтау және оны сақтамағаны үшін жауапкершілік мәселесі қаралады.

11.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «QAZAQ ELI» көрмесі ашылады.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуін тежеу мәселелерін үйлестіру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен департаментінің директоры Әсем Нұрмағамбетова және Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Ермолдина, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық азық-түлік нарығы, органикалық өнім және техникалық реттеу департаментінің директоры Ержан Төлеутаев.

15.00-де ҚР ҚК Ұлттық әскери патриоттық орталығында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, «Астана жастары» КММ, ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының және Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері департаментінің қолдауымен «Жас Сарбаз – Тәуелсіздік тірегі» жобасының жабылу салтанаты өтеді.

16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кедергісіз орта құру туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Анархан Дүйсенова, ҚР ИИДМ темір жол көлігі және жолаушылар тасымалы басқармасының басшысы Елдос Нестай.

17.00-де ТүркПА Хатшылығының бас хатшысы Мехмет Сюрейя Эр бастаған делегациясы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына ресми сапармен келеді. Сапар барысында Елбасы кітапханасы мен түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы (TURKPA) ынтымақтастық меморандумына қол қояды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері