Нұр-Сұлтан -0.8°
22.11.2021, 18:20
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақ-қырғыз ЖОО-лары ынтымақтастықты нығайтты

Бішкекте өтіп жатқан Қазақстан және Қырғызстан жоғары оқу орындары ректорларының форумы барысында қос тараптың бірқатар жетекші жоғары оқу орындары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады Elorda.Info.

Қазақ-қырғыз ЖОО-лары ынтымақтастықты нығайтты

Белгілі болғандай, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің басқарма төрағасы – ректор Гүлмира Қанай шара барысында И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік және А.Мырсабеков атындағы Ош мемлекеттік педагогикалық университетімен ынтымақтастық орнату бойынша келісімге келді.

Құжат академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында студенттер, профессор-оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер алмасуды, білім беру мен ғылыми байланыстарды арттыруға бағытталған конференциялар, семинарлар мен жиындарды үйлестіруді қарастырады.

Сондай-ақ меморандумда академиялық ақпараттармен, оқу-әдістемелік құралдармен және материалдармен бөлісу, өзара келісім-шарттар негізінде басқа да академиялық ынтымақтастықтар орнату көзделген.

Кездесуде Гүлмира Қанай жоғары оқу орындарының ортақ ұқсастықтары жайында сөз қозғап, тараптар түрлі бағыттағы қарым-қатынастарды нығайтудың мәселелерін талқылады.

Өз кезегінде И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің ректоры Толобек Абдырахманов пен А.Мырсабеков атындағы Ош мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Бекмурза Зулуев ынтымақтастықты дамытуға ерекше ниет білдіретіндерін жеткізді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері