Нұр-Сұлтан -4.2°
22.11.2021, 15:35
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 23-25 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады

Қазақстанда солтүстік-батыс циклонның әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қар жауады.

Барлық өңірде тұман, көктайғақ, сондай-ақ екпінді жел, солтүстік жартысында бұрқасын болуы мүмкін.

Батыс, солтүстік-батыс, солтүстікте ауа температурасының төмендеуі түнде 2-10-нан 18-23 градус аязға дейін, күндіз 5 градус аяздан -5-15 аяз, орталықта және шығыста түнде 0-8 аяз, күндіз 3 аяз, оңтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде -6 градус аяз, күндіз 9 градусқа дейін жылынуы мүмкін.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері