Нұр-Сұлтан -4.2°
22.11.2021, 14:35
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Алматылық әйел үш баласымен бірге терезеден секіріп кетті

Алматы қаласы Жетісу-1 шағынауданында 28 жастағы әйел үш баласымен бірге тоғызыншы қабаттан секіріп кетті, деп хабарлады Elorda.info.

Алматылық әйел үш баласымен бірге терезеден секіріп кетті

Оқиға салдарынан әйел мен кішкентай үш бала да қайтыс болды. Үшеуі оқиға орнында көз жұмса, балалардың бірі жедел жәрдем көлігінде жан тапсырған. Олардың үлкені 2015 жылғы, екіншісі – 2016, үшіншісі – 2019 жылғы сәби.

«Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себептері мен басқа да мән-жайларын анықтау мақсатында Алматы қаласы ПД-де жедел-тергеу тобы құрылды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 105 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», - делінген аталған хабарламада.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері