Нұр-Сұлтан -4.8°
22.11.2021, 08:40
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстанда халықты қайта вакциналау басталды

Елімізде бүгін, 22 қарашада халықты қайта вакциналау үрдісі басталды, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстанда халықты қайта вакциналау басталды

Ревакцинация екі кезеңнен тұрады. Бұған дейін вакцинаның екі компонентін салғызғандар жаңа жылға дейін үшіншісін қабылдайды. Бірінші кезекте қайта вакциналаудан медицина қызметкерлері, мұғалімдер, медициналық-әлеуметтік мекемелер мен жабық балалар мекемелерінің мамандары, сондай-ақ ішкі істер құрылымдарының қызметкерлері өтеді. 

Биыл ревакцинациядан 60 жастан асқандар мен денесінде антидене қалыптаспаған адамдар өтеді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ревакцинацияның бірінші кезеңінде миллионға жуық қазақстандықты, екіншісінде 6 миллионнан астам тұрғынды вакциналау жоспарлануда.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері