Нұр-Сұлтан -0.8°
21.11.2021, 16:20
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Шортандыдағы жарылыс: Зардап шеккен 12 жастағы бала көз жұмды

Кентте газ балоны жарылысынан зардап шеккен 2009 жылғы бала қайтыс болды, деп хабарлады Elorda.Info.

Шортандыдағы жарылыс: Зардап шеккен 12 жастағы бала көз жұмды

«Бала елордалық ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген болатын. Ол дереу реанимация бөліміне жатқызылды. Себебі жағдайы өте ауыр болды. Дененің термиялық күйігі 70 пайызды құрады. Сондай-ақ өте ауыр дәрежедегі күйік шогы да байқалды. Барлық жүргізілген емдеу шараларына қарамастан, жансақтау бөлімшесінде болған науқасты құтқару мүмкін болмады. Өкінішке қарай, науқас 21.00-де көз жұмды», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ведомстводан атап өткендей, зардап шеккен тағы үш баланың бірінің жағдайы ауыр. Денесі 60 пайыз күйік алған бала жағдайы өте ауыр жансақтау бөлімшесінде ем алуда. Өткен аптада тағы екі бала бейінді бөлімшеге ауыстырылған. Олардың жағдайы тұрақты.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері