Нұр-Сұлтан -0.8°
20.11.2021, 14:20
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Вакцина салдыру бойынша Түркістан облысы алдыңғы орынға шықты

Түркістан облысы вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласынан озып, республика бойынша көш бастады, деп хабарлады Elorda.Info.

Вакцина салдыру бойынша Түркістан облысы алдыңғы орынға шықты

«20 қарашадағы мәлімет бойынша Қазақстанда вакцинаның I-компонентін 8 620 968 адам, II-компонентін 7 929 289 адам салдырды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Түркістан облысы алдыңғы орында, өңірде 1 017 422 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 953 289 адам екінші компонентін салдырған», - делінген хабарламада.

Екпе алудан екінші орында – Алматы қаласы. Қалада 1 016 192 адам коронавирус вакцинасының 1-компонентін, 969 014 адам 2-компонентін егілген. Үшінші орында Шығыс Қазақстан облысы – 903 863 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 859 709 адам екінші бөлігін қабылдаған.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері