Нұр-Сұлтан -6.3°
20.11.2021, 07:03
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Зерттеу: ревакцинация коронавирус жұқтыру қаупін 11 есе азайтады

Ревакцинация коронавирус жұқтыру ықтималдығын 11 есе төмендетеді. Бұл туралы Алматы қаласы №15 емханасының педиатр-дәрігері Мөлдір Әкімжан өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында айтты, деп хабарлайды Elorda.info.

 

Зерттеу: ревакцинация коронавирус жұқтыру қаупін 11 есе азайтады

Спикер брифинг барысында, ревакцинацияға қатысты халықаралық тәжірибені мысалға келтірді.

«Израиль – халық екпе салып, эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандырған алғашқы елдердің бірі. Алайда жазда жаңа «дельта» нұсқасының пайда болуымен адамдар қайтадан жұқтыра бастады. Содан кейін ғалымдар мен дәрігерлер вакцинаның екінші дозасынан кейін 6 айдан кейін иммунитет анағұрлым жұқпалы «дельта» нұсқасының пайда болуы аясында айтарлықтай төмендегенін анықтады. Нәтижесінде Израиль ревакцинация туралы шешім қабылдады», - деді педиатр.

Сонымен қатар, ол ревакцинация аясында Израильде жүргізілген зерттеу деректерімен бөлісті.

«Зерттеуге 60 жастан асқан 1 млн астам адам қатысты. Олардың барлығы вакцинаның екі компонентін 2021 жылдың 1 наурызына дейін алған. Кейін олардың барлығы қайта вакциналанды. Үшінші екпе КВИ қайта жұқтыру ықтималдығын 11 есеге, ал ауыр ағымды 15 есеге төмендеткені анықталды», - деді Мөлдір Әкімжан.

Дәрігер барлық алматылықтарға КВИ вакцинасының екі компонентін де алуға, ал екпені толық алғандарға ревакцинациядан уақытылы өтуге кеңес берді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері