Нұр-Сұлтан -4.2°
19.11.2021, 21:20
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елімізге Pfizer вакцинасының жаңа партиясы жеткізілді

Алматыға Pfizer (Comirnaty) компаниясы шығарған коронавирусқа қарсы вакцинаның кезекті партиясы келді. Жүк құрамында 266 760 доза бар. Pfizer компаниясымен жүргізілген келіссөздердің қорытындысы бойынша Бірыңғай дистрибьютор барлығы 4 млн 230 мың доза сатып алды, деп хабарлайды Elorda.info.

Елімізге Pfizer вакцинасының жаңа партиясы жеткізілді

Қабынуға қарсы препаратты америкалық Pfizer компаниясы және Германияның BioNTech технологиялық компаниясы шығарған. Comirnaty Pfizer/BioNTech вакцинасын ДДҰ шұғыл пайдалануға рұқсат еткен.

Келген вакцина ҚР ДСМ СЭБК рұқсаттамасына сәйкес жедел түрде еліміздің өңірлеріне жіберілді. Comirnaty вакцинасы тікелей облыстық Денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларына жеткізіледі. Вакциналарды тасымалдау «суық тізбек» қағидаты бойынша жүргізіледі — әрбір кезеңде температуралық режимді қатаң сақтау қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, әр деңгейде өзінің жауапты ұйымы және жауапты тұлғалары бар.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері