Нұр-Сұлтан -4.2°
19.11.2021, 20:38
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Көне Сарайшық аумағында Қасым ханға ескерткіш орнатылады

Алтын Орда өркениетінің орталығы болған көне Сарайшық қаласының аумағында Қасым ханның ескерткіші орнатылуы мүмкін. Мұны Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты, деп хабарлайды Elorda.info.

Көне Сарайшық аумағында Қасым ханға ескерткіш орнатылады

«Сарайшықта сапар орталығынан басқа Алтын Орда тарихына арналған мұражай салу жоспарда бар. Тарихшылар көне қалада керуен сарайдан бөлек қалқыма көпір болған деп жазады. Сондай нысандарды ұйымдастырып, сол арқылы келетін туристерге тарихпен танысатындай жағдай жасаймыз. Өзіміздің шамалауымызша, бұл жоба жылына 700 мыңға дейін адам қабылдауға мүмкіндік береді. Біріншіден, шетелдік емес, өзіміздің өңірлерден келетін жастарды, мектеп жасындағы балаларды сол жерге апарып, тарихқа таныстырамыз», – деген әкім Қасым ханның ескерткішін салу да жоспарда бар екенін айтты.

«Шешім қабылданса, орталық мемлекеттік органдармен, Үкіметпен бірге сол жұмыстарды жүргізуге дайынбыз. Сондай ұсыныс бердік. Әрі қарай қолдау күтіп отырмыз. Сіз айтып отырған Алтын Орданың 750 жылдығына арналған халықаралық конференцияда Қасым ханның ескерткішін көтеру туралы ұсыныс болды. Оны да өте дұрыс көріп отырмыз. Егер Сарайшықта мемориалдық кешен болғанда ол жерде Қасым ханның ескерткіші тұрса, Сарайшық туризмнің үлкен бір орталығына айналар еді», - деді Махамбет Досмұхамбетов.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері