Нұр-Сұлтан -0.1°
19.11.2021, 17:34
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада ерекше қажеттілігі бар жандардың шығармашылық байқауы өтті

Нұр-Сұлтан қаласындағы паралимпиадалық жаттығу орталығында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ерекше физикалық қажеттіліктері бар адамдар арасында шығармашылық байқау өтті, деп хабарлайды Elorda.info.

Елордада ерекше қажеттілігі бар жандардың шығармашылық байқауы өтті

Ән, би, өлең оқу, музыкалық аспаптарда ойнау, stand-up, қолөнер сынды 7 бағыт бойынша өткен бұл байқаудың мақсаты – паралимпиадалық құндылықтарды тарату, инклюзивті қоғамдастық құру және мүгедектігі бар адамдар арасында таланттарды анықтау. Байқауға республиканың әр өңірінен 200-ден астам ерекше қажеттілігі бар адам қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге грамоталар, медальдар беріліп, арнаулы сыйлықтар табысталды.

Байқауды Есіл ауданы әкімдігінің қолдауымен «Каспий» спортты дамыту қоры ұйымдастырды.

«Шара өте тамаша өтті. Мүгедек жандардың жігеріне жебеу, талабына демеу берген бұл шарадан өте тамаша әсер алдым. Жарысты ұйымдастыруышларға алғысым шексіз. Мен де өз өнерімді көрсетіп, бақ сынауға келдім», – деді байқауға қатысқан Марат Жолдама.

                                                                 Қалиакбар Үсемханұлы

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері