Нұр-Сұлтан -4.8°
19.11.2021, 10:40
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға барды

Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы резиденциясында еліміздің қаржы секторының өкілдерімен кездесу өткізеді.

Бұдан кейін Президент бірқатар әлеуметтік, білім беру мекемелерін және басқа да нысандарды аралап көреді, сондай-ақ қаладағы жылу электр орталықтарының біріне жүргізіліп жатқан қайта жөндеу жұмыстарының барысымен танысады деп жоспарланып отыр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері