Нұр-Сұлтан -1.5°
19.11.2021, 08:00
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Ата-аналардың төрттен үші баласын қай мамандыққа баулу керегін білмейді – зерттеу

Елде оқушылар мен ата-аналардың 90 пайызы нарықта қай мамандықтың жоғары сұранысқа ие екенін білмейді. Сондай-ақ оқушылардың көп бөлігі мамандықты ата-анасының немесе сынып жетекшісінің ықпалымен таңдайды. Бұл туралы Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Elorda.info Informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

Ата-аналардың төрттен үші баласын қай мамандыққа баулу керегін білмейді – зерттеу

"Кәсіптік бағдарлау бағытындағы жұмыстарды саралау үшін Ұлыбритания, Дания, Норвегия, АҚШ, Финляндия, Австрия, Германия, Канада сияқты елдердің тәжірибесі ескерілді. Қазақстандағы жағдайға келер болсақ, жұмысқа қабілетті азаматтардың 60%-ы өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Оқушылардың 87%-ы болашақ мамандығын ата-анасының немесе сынып жетекшісінің ықпалымен таңдайды. Ата-аналардың 75%-ы баласын қай мамандыққа баулу қажет екенін түсінбейді. Сондай-ақ, оқушылар мен ата-аналардың 90%-ы нарықта қай мамандықтардың жоғары сұранысқа ие екенін білмейді", – деді Ғани Бейсембаев.

Сондай-ақ, ол елде кәсіптік бағдарлау мәселесімен 10-ға жуық үкіметтік емес ұйымның айналысатынын айтты. Тағы да 100-ге жуық ЖОО, 800 колледж, 216 білім басқармасы мен бөлімі осы мәселені қолға алғанына тоқталды.

"Дегенмен де адам ресурстарын дамыту орталығының жылдық есебі көрсеткендей бұл әдіс-тәсілдердің барлығын орталықтандырып, Қазақстан өзіне тиесілі бір жүйе қалыптастыруы тиіс. Осы орайда, кәсіптік бағдарлау тұжырымдамасы жобасы мен "Бизнеске баулу" курсы енгізілді. Оны қазір Қазақстан мектептерінің 77,3%-ында оқытып жатыр. 2 қарашада білім министрлігінің №692 бұйрығына сәйкес осы кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жандандыруға өзгеріс енгізілді. Кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастыру үшін оның оқу жүйесінде алатын орны мен қандай пайда беретіндігіне зерттеу жүргіздік. Кәсіптік бағдарлау жұмысы отбасы мен балабақшадан басталып, әрі қарай мектептерде жүйелі жалғасып, жоғары оқу орнына барғанда біздің жас жеткіншек жалпы өзінің мамандығын таңдай білуі тиіс", – деп қосты Ғани Бейсембаев.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері