Нұр-Сұлтан -4.2°
18.11.2021, 22:46
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Коронавирус "екіге толды"

Тұп-тура екі жыл бұрын Қытай азаматы тұңғыш рет коронавирус жұқтырған болатын, деп хабарлайды Elorda.info.

Коронавирус "екіге толды"

Науқас Хубэй провинциясында тұрған еді. Бүгінге дейін планетамыздың шамамен 4 миллиард тұрғыны инфекция жұқтырды, ал 5 миллионы осы аурудан көз жұмды.

Алайда ковидтің қаупін теріске шығарып, вакцинацияға қарсы бас көтеріп жүргендер әлі бар. Мысалы, Чехияның он шақты тұрғыны елде вакцина алмағандарға жарияланған қатаң локдаунға қарсы наразылыққа шыққан. Мемлекет үкіметі бұл шараға вирус жұқтырғандардың шектен тыс көбейіп кеткенінен барған еді.

Қазіргі таңда коронавирусқа қарсы вакцина ел-елге жетіп, тұрғындардың белгілі бір бөлігі екі компонентін де алды. Вакцинацияланған халық саны көбейген сайын вирустың да қарқыны бәсеңси бастағанын айта кеткен жөн.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері