Назарбаев университеті студенттерінің жобасы синтетикалық биология саласындағы ауқымды iGEM байқауында үздік деп танылды, деп хабарлайды Elorda.info.
Студенттер байқауда Remi, du et! атты жобаны таныстырған, ол топырақ пен судың модификацияланған бактериялары арқылы мұнай төгілген жерді тазалауға бағытталған. Биотехнологтардың әлемдік қауымдастығы қазақстандықтардың жұмысын үздік бағалаған. Нәтижесінде НУ командасы MIT, Stanford, Sorbonne University, Waterloo және John Hopkins университеттерін шаңында қалдырып, алтын медальді олжалады.
Сондай-ақ біздің команданы “Қоршаған ортаны қорғау бойынша үздік жоба”, “Жобаның үздік сайты”, “Инклюзия бойынша үздік жоба” және “Тұрақты даму бойынша үздік жоба” аталымдарымен марапаттады.
Биыл Назарбаев университетінің құрамасына биология ғылымдары, химиялық инженерия және робототезника факультетінің 2-4 курс студенттері кірген. iGEM байқауына бұл команда 2013 жылдан бері қатысып келеді және әзірге Орталық Азияның жалғыз өкілі.