Нұр-Сұлтан -0.8°
18.11.2021, 18:20
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қай өңірдің тұрғындары ауруханаға көп барады

Биыл бірінші жартыжылдықта еліміздегі ауруханалардың қызмет көрсету көлемі бір жылда 60%-ға артты, деп хабарлайды Elorda.info.

Қай өңірдің тұрғындары ауруханаға көп барады

Салыстыру үшін айтсақ, былтырғы қаңтар мен маусым аралығында ауруханалардағы қызмет көрсету көлемі 385,9 млрд теңгені құраған.

Қызметтердің басым бөлігі бюджет есебінен көрстеілген: 547,8 млрд теңге (+56,7%). Халықтың қалтасынан төленген қызметтер көлемі 66,7%-ға артып, 38,7 млрд теңгені құрады, ал кәсіпорындардың қаржысына көрсетілген қызмет көлемі 2,4 есе артып, 32,2 млрд теңгеге жеткен.

Аймақтар бойынша қарасақ, ең көп қызметтер көлемі Алматыда көрсетілген екен: 99,4 млрд теңге, бұл былтырғыдан 67,2%-ға артық. Үздік үштік қатарына Нұр-Сұлтан (79 млрд тг, +79,2%) мен Түркістан облысы (56,3 млрд тг, +74,9%) да кірген. 

Ал ең аз қызмет көлемі Атырау облысында тіркелген: 11,7 млрд теңге, бұл былтырғы көлемнен 33,4%-ға көп.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері