Нұр-Сұлтан -4.8°
18.11.2021, 13:35
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Жанар-жағармай бағасы реттелмейді – министр

Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев бензин мен дизель отынының бағасы реттелмейтінін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Жанар-жағармай бағасы реттелмейді – министр

«Жанар-жағармай бағасы реттелмейді. Реттеу мүмкін емес. Биыл дизель отыны тапшы. Оның бір себебі – көрші елдермен салыстырғанда бағадағы айырмашылық. Баға бойынша қазір жүйелі өзгерістерді әзірлеп жатырмыз және ең маңыздысы мынада: біріншіден, қазір үш мұнай өңдеу зауытында жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, олардың шарттарын анықтау керек; екіншіден, материалдық-техникалық резерв базаны қалыптастыру; үшіншіден, жанар-жағармайды бақылау, әрбір мұнай базасында тиісті құрал-жабдықтармен жарақтандыру қажет», – деді сенаторлардың сауалдарына жауап берген М.Мырзағалиев.

Мағзұм Мырзағалиев жыл аяғына дейін жарияланған жоспарлар бойынша тиісті өзгерістер енгізілетінін айтты.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері