Нұр-Сұлтан -4.2°
18.11.2021, 12:45
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Жол-көлік оқиғасында жеңіл автокөлік жанып кетті (ВИДЕО)

Ақтөбеде жол-көлік оқиғасы салдарынан “Daewoo Nexia” көлігі өртеніп кетті, деп хабарлады Elorda.info.

“18 қараша күні таңғы сағат 06:00 шамасында 312-атқыштар дивизиясы даңғылының бойында “Гелиос” жанармай бекетіне қарама-қарсы бетте ресейлік есептегі “Daewoo Nexia” автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай қарсы бағыттағы “Lada Priora” және “Opel Vectra” автокөліктерімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан “Daewoo Nexia” автокөлігі оқиға орнында өртеніп кеткен”, – делінген хабарламада.

“Daewoo Nexia” автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы және “Lada Priora” автокөлігінің жүргізушісі түрлі жарақаттармен Ақтөбе қаласының медициналық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері