Нұр-Сұлтан -6.3°
18.11.2021, 10:20
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Жаңа баспананы тіркеу үшін блокчейн технологиясын енгіземіз – Мусин

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин блокчейн технологиясы енгізілетінін айтты. Бұл туралы министр Бағдат Мусин Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.Info.

Жаңа баспананы тіркеу үшін блокчейн технологиясын енгіземіз – Мусин

«Жаңа баспананы блокчейн технологиясымен онлайн тәртіпте ресімдеу процесін таныстырдым. Халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚКО) ағылатын адамдардың сұранысын сараптай келе, біз ең танымал қызметтерге зер салдық. Мысалы, биыл 9 айдың ішінде қазақстандықтар баспананы тіркеу үшін ХҚКО-ға 900 мың рет, нотариусқа 700 мың рет жүгінген. Сондықтан біз блокчейн технологиясын енгізуге шешім қабылдадық. Осылайша, жылжымайтын мүлікті тіркеу мен оны кепілге қою үдерісін жеделдетуге жол аштық. Мәселен, жаңа салынған үйден пәтерді ипотекаға сатып алуды ойға алсаңыз, құжаттар жинап, төрт мекеме – банк, нотариус, құрылыс иесі мен ХҚКО-ның арасында табан тоздырып, қаншама сергелдеңге түсесіз. Егер біз биыл осындай 900 мың кейс болды десек, оның үстіне әрбір жағдай бойынша әлгі ұйымдарға 2-3 рет бару қажеттігін ескерсек, нәтижесінде адамдар 3 млн рет әрлі-берлі жүгіруге мәжбүр болғанына көз жеткізуге болады», – деп жазды министр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері