Нұр-Сұлтан -6.3°
18.11.2021, 08:00
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Кофе мен шай инсульт пен деменцияның алдын алуы мүмкін

Күніне төрт-бес саптыаяқ кофе мен шай инсульт пен деменция қаупін төмендетеді. Қытайлық ғалымдар осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды Elorda.info The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Кофе мен шай инсульт пен деменцияның алдын алуы мүмкін

Ғалымдар UK Biobank медициналық базасындағы 50 мен 74 жас аралығындағы 356 мыңнан аса адамның деректерін талдаған. Зерттеуге қатысушылар күнделікті шай мен кофе тұтынымы жайында сұрақтарды қамтитын анкеталарды толтырған. Олардың хал-жағдайы он жыл бойы бақыланған.

Нәтижесінде күніне төрт-алты саптыаяқ кофе мен шай ішкендерде бұл сусындарды мүлдем ішпегендерге қарағанда инсульт пен деменцияға шалдығу қаупі төмендеу болғаны анықталған. 

Профессор Кевин МакКонвейдің айтуынша, белгілі бір деңгейден кейін, нақтырақ айтсақ, күніне жеті-сегіз саптыаяқ кофе мен шай ішкен соң әлгі ауруларға бейімділік қайтадан жоғарылайды. 

Бүгінде әлемдегі әрбір оныншы өлім инсульттан болады, алайда инсульттың 90 пайызының алдын алуға болады. Инсульт пен деменция өзара байланысты.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері