Нұр-Сұлтан -9°
17.11.2021, 22:43
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Барымташылар 17 ірі қараны атып алып, етін елорда базарында сатқан

Ақмола облысында барымташылар 17 ірі қара малды атып алып, етін Нұр-Сұлтан базарларында сатқан, деп хабарлайды Elorda.info Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Барымташылар 17 ірі қараны атып алып, етін елорда базарында сатқан

Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылғы қарашаның 16-да «Барымташы» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында облыстық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы мен Жедел әрекет етудің арнайы жасағы, сондай-ақ Атбасар аудандық ПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті кәсіпкердің ірі қара малын ұрлаған үш күдіктіні қолға түсірді. Күдіктілер 29-42 жас аралығындағы жергілікті тұрғындар, олардың біреуі бұрын қылмыстық жауапқа тартылған.

«Жәбірленуші қазанның 25-де Атбасар ауданының ПБ кезекшілік бөліміне арызбен жүгінген. Ер адамның сөзінше, қазанның 22-де малшы оған малдың жоғалғанын айтқан. Жоғалған малын өз күшімен іздеген ол 17 бас ірі қараны далада сойып әкеткенін анықтады. Келтірілген шығын көлемі 8 миллион 500 мың теңгені құрады», - деді ведомстводан.

Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 188-1 бабының 4-бөлігі «Мал ұрлығы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

«Күдіктілер ТОЗ-8 маркалы ұсақ калибрлі винтовкамен 17 бас ірі қараны атып алған. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті Жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы ұрылардың ұрлаған мал етін елорда базарларына тасымалдаған көлік анықталды», - деді ведомстводан.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері