Нұр-Сұлтан -4.8°
17.11.2021, 22:09
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

16-ға толмаған балаларға үй жануарларын серуендетуге тыйым салынуы мүмкін

Мәжіліс жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, Сенатқа жолдады, деп хабарлайды Elorda.info.

16-ға толмаған балаларға үй жануарларын серуендетуге тыйым салынуы мүмкін

Заң жобасының негізгі міндеттері – жануарларды қатыгездікпен қараудан, азаптау мен қырылудан қорғау, қатыгездікпен жансыздандыруға жол бермеу, қаңғыбас жануарлардың санын реттеу.

Заң жобасын екінші оқылымға дайындау барысында депутаттар бірқатар түзету енгізген.

Олар:

  • жануарларға қарау қай кезде қатыгездікпен қарау болып табылмайтын жағдайларды нақтылау;
  • жергілікті атқарушы органдардың жануарларға арналған жекеше панажайларды қоса қаржыландыруы;
  • 16 жасқа толмаған адамдарға ерекше жауапкершілікті талап ететін үй жануарларын серуендетуге тыйым салу;
  • қаңғыбас жануарларды бюджет қаражаты есебінен, сонымен бірге Қазақстан заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен вакциналау.

Депутаттар халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында олар ұстайтын үй жануарларды Қазақстан заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен есепке алуды жүзеге асыру бойынша норма енгізді, — делінген заң жобасы бойынша қорытындыда.

Сонымен бірге зооқорғаушылардың ұсыныстары ескеріліп, жылжымалы хайуанаттар бақтарын, контактілі зоопарктерді, жануарлардың жылжымалы көрмелерін, дельфинарийлерді, жылжымалы океанариумдарды құруға және олардың қызметіне тыйым салынады.

Бірақ бұл норманың кейінге қалдыру мерзімі болады. Яғни, дельфинарий немесе жылжымалы океанариум иелеріне өз бизнесін таратуға немесе қайта ұйымдастыруға уақыт беріледі.

Бұған қоса жануарларға ізгілікпен қарау жөнінде халықты ағарту және тәрбиелеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға қатысты нормалар енгізілді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері