Нұр-Сұлтан -4.2°
17.11.2021, 18:10
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстанда алдағы екі-үш күнде 25 градус аяз болады

«Қазгидромет» РМК-сы 18-20 қараша күндері Антлантикалық циклон және атмосфералық фронт әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Сөйтіп, температура 25 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлады Elorda.Info.

Қазақстанда алдағы екі-үш күнде 25 градус аяз болады

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қар жауады. Тұман, көктайғақ, сондай-ақ еліміздің солтүстік жартысында боран соғады.

20 қарашада солтүстік-батыс антициклоны әсерінен жауын-шашын тоқтайды. Алайда, елдің батысы мен солтүстік-батысында кезекті циклон әсерінен қайтадан қар жауады.

Батыста түнде 0-5-тен 5-10-ға дейін аяз, солтүстік-батыс, солтүстік, орталықта 5-15-тен 15-25-ке дейін аяз, оңтүстік өңірлерде 5-13-тен 8-16-ға дейін аяз, шығыста 2-10-нан 15-25 градусқа дейін аяз болады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері