Нұр-Сұлтан
17.11.2021, 16:50
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Үйдің төбесіне тауық қора салған ақтаулық баспаналы болды

Блогер Дәулет Төлеутайұлы (Dauletten) оқырмандарымен бірлесіп, Ақтауда көпқабатты үйдің төбесіне тауық қора салып алған тұрғынға баспана алып берді, деп хабарлады Elorda.Info.

Үйдің төбесіне тауық қора салған ақтаулық баспаналы болды

«Сүйінші, қазақ елі! Бастаған ісімді соңына дейін бітірейін деп, арнайы Ақтауға тағы келдім. Рүстем мырза естеріңізде ғой? Сәрсенбінің сәттісінде дәулетті оқырмандар алған 41-інші баспананың кілтін өз қолыммен табыстадым. Мұнайлы ауданы, Батыр ауылынан 20 сотық жерімен үй алып бердік. Барлық қайырымды жанға мың алғыс. Әрқайсыңыз мен үшін бір төбесіздер. Сүрінгенде бір қазақ, сүйеу болған, демеу болған мың қазақ», – дейді блогер.

Блогердің айтуынша, қайырымдылық шара барысында 12,5 миллион теңге жиналған. Артық қалған қаржыға дүкен мен қора салынатын болады. Үйді сатқан адам блогердің оқырманы екен. Ол үйде жиһазын қалдырып кеткен.

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда ер адам алты баласын асырау үшін 12-шағынаудандағы он қабатты үйдің төбесіне тауық қора салып алғаны хабарланған болатын. Бұл үшін оған 65 мың теңге айыппұл салынған. Артынша қазақстандықтар ақтаулыққа көмектесе бастады. Оның ішінде, кәсіпкер Сырымбек Тау мен блогер Дәулет Төлеутайұлы да бар.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері