Нұр-Сұлтан -4.8°
17.11.2021, 16:05
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Дәрі-дәрмек тиелген көлік өртеніп кетті

Батыс Қазақстан облысында күре жолдың бойында дәрі-дәрмек тиелген «ГАЗель» көлігі өртеніп кетті. Бұл туралы БҚО Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Дәрі-дәрмек тиелген көлік өртеніп кетті

Оқиға кеше сағат 23.49-да Орал-Атырау жолының 105-шақырымында, яғни Ақжайық ауданы Самал ауылының тұсында болған.

«Муратова» жеке кәсіпкерлігіне тиесілі, 21 жастағы жүргізуші жүргізіп келе жатқан «ГАЗель» автокөлігі отқа оранды. Өрт сағат 00.45-те оқшауланып, 01.15-те толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», – делінген хабарламада.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері