Нұр-Сұлтан -1.5°
17.11.2021, 12:20
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Pfizer COVID-ке қарсы таблетка жасап шығарды

Pfizer фармацевтикалық компаниясы АҚШ билігінен шұғыл жағдайда "Paxlovid" коронавирусқа қарсы таблетка түріндегі препаратты қолдануға рұқсат сұрады, деп хабарлады Elorda.info.

Pfizer COVID-ке қарсы таблетка жасап шығарды

Препарат аурудың жеңіл және орта деңгейлі формасын емдеуге арналған. 

"Paxlovid" препараты мақұлданса, SARS-CoV-2 вирусына қарсы жасалған  алғашқы ішу арқылы қабылданатын дәрі болмақ", - делінген компания сайтындағы хабарламада. 

Сынақ барысында таблетканың тиімділігі жоғары екені анықталған. Ол ауру салдарынан аурухана түсу және өлім деңгейін 98% төмендеткен. 

Айта кетсек, қазіргі таңда Pfizer Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакцина өндіреді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері