Нұр-Сұлтан -4.8°
17.11.2021, 10:20
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Ақмола облысында газ жарылысынан 3 адам көз жұмды

Оқыс оқиға түнгі сағат 22:00 шамасында Шортанды кентіндегі Линейная көшесі 28 мекенжайы бойынша орналасқан үш пәтерлі тұрғын үйде болды. Газ баллонының жарылуы салдарынан 3 пәтерлік жеке үй өртеніп, оның бір бөлігі құлады, деп хабарлады Elorda.Info.

Ақмола облысында газ жарылысынан 3 адам көз жұмды

Құтқару жұмыстарына 3 өрт сөндіру техникасы, 80-ге жуық жергілікті тұрғын жұмылдырылды. Өрт сағат 22.35-те ауыздықталып, сағат 23.58-де толық сөндірілді.

Алдын ала анықталған мәліметтер бойынша, үйіндінің астынан үш адамның мүрдесі табылды. Қаза тапқандардың бірі кәмелеттік жасқа толмаған бала. Бұдан бөлек, 10 адам ауруханаға түрлі деңгейдегі дене күйігімен жатқызылды. Оның ішінде балалар бар.

Сонымен қатар, Шортанды аудандық ауруханасына Нұр-Сұлтан қаласындағы көпбейінді облыстық ауруханадан реанематологтар мен хирургтар келді. Сондай-ақ Көкшетау қаласынан балалар реаниматологтары мен хирургтары құрамы бар санавиацияның келуі күтілуде.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері