Нұр-Сұлтан -4.2°
17.11.2021, 08:00
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Бүгін еліміздің бірнеше облысында -25 градус аяз болады

Бүгін еліміздің бірнеше облысында ауа райы бұзылып, аяз болады, деп хабарлайды Elorda.info Қазгидрометке сілтеме жасап.  

Бүгін еліміздің бірнеше облысында -25 градус аяз болады

Атап айтқанда, бүгін күндіз Қостанай облысының басым бөлігінде қар, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстік-батысында 15-20 м/с жетеді.

Бүгін Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, 18 қарашада басым бөлігінде қар жауады, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Бүгін облыстың батысында, солтүстігінде тұман болжанады, күндіз облыстың оңтүстігінде желдің екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан жоғары көтеріледі. 19 қарашада ауа температурасы түнде -17°/-22° төмендейді.

Бүгін күндіз Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында көбінесе қар түрінде қатты жауын-шашын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 25 м/с жетеді. 18 қарашада қар жауады, түнде облыстың солтүстігінде қар қатты жауатыны күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында бұрқасын болады. Желдің күші 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан жоғары артады. 19 қарашада ауа температурасы түнде -17°/-22°, солтүстік-шығыста -25°, күндіз -13°/-18°, солтүстік-шығыста -22° градус аязға дейін күрт төмендейді.

Бүгін күндіз Ақтөбе облысында облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Желдің жылдамдығы – 15-20 м/с.

Бүгін Ақмола облысының солтүстігінде, батысында тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында күші 15-20 м/с артады.

Бүгін Алматыда күндіз қар және жаңбыр түрінде жауын-шашын болады. Күндіз 17 қарашада – тәулік бойы, 18 қарашада кей уақытта тұман, көктайғақ болжанады.

Бүгін күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Бүгін Қызылорда облысының орталығында және шығысында көктайғақ, бұрқасын болады. Желдің екпіні – 15-20 м/с.

Бүгін күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын болады. Облыстың оңтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман болжанады. Желдің жылдамдығы 25 м/с жетеді.

Бүгін Павлодар облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері