Нұр-Сұлтан -0.1°
16.11.2021, 22:54
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елімізде қанша жеңіл көлік бар

Қазақстанда 3 млн 824 мың 200 жеңіл көлік тіркелген, деп хабарлайды Elorda.info Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Елімізде қанша жеңіл көлік бар

Биылғы қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанда 610 120 жеңіл автомобиль тіркелген. Бұл 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,6% көп. Қазақстан Республикасында 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3 млн 824,2 мыңды құрайды.

Биылғы тоғыз айда ел өңірлерінде 9422 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 13844 адам зардап шеккен. Өткен жылға қарағанда апат фактісі 5,5% артқан.

2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдары көлік иелеріне 27,2 млрд теңге сомасына 60 482 сақтандыру төлемін жасаған.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері