Нұр-Сұлтан -4.2°
16.11.2021, 22:05
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елорданың қар күреу жұмысына 1900 техника жұмылдырылады

Елордада қысқы кезеңде қар көп жауады деп күтіліп отыр. Қар күреу жұмысына 1900 арнайы техника сақадай сай тұр, деп хабарлайды Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорданың қар күреу жұмысына 1900 техника жұмылдырылады

Қазіргі уақытта қаланы қар күреу жұмысына 1790 арнайы техника мен 2629 жол жұмысшы жұмылдырылды. Қалада қар күреу жұмыстары екі ауысымда жүргізіледі, ал кешкі және түнгі уақытта қарқынды іске асады.

Қалың қар мен боран кезінде қала бойынша 1 900-ден астам арнайы техника мен 3 мың жол жұмысшы жұмылдырылады.

Қар 4 негізгі полигонға шығарылады. Бақылау және мониторинг жүргізу мақсатында негізгі полигондарда бейнебақылау камералары орнатылды.

Сонымен қатар, негізгі полигондарды толтыру жағдайына қосымша 5 полигон қарастырылған.

Қаланың қар жинайтын аумағы 609 млн шаршы метрді құрайды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері