Нұр-Сұлтан -4.2°
16.11.2021, 20:37
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Ғалымдар диабетпен күресудің жаңа тәсілін ойлап тапты

Ғалымдар қан қысымын төмендететін препараттар екінші типтегі диабеттің асқыну қаупін 16 пайызға азайтатынын анықтады, деп хабарлайды Elorda.info The Lancet журналына сілтеме жасап.

Ғалымдар диабетпен күресудің жаңа тәсілін ойлап тапты

Аустралия, Ұлыбритания, АҚШ, Швеция және Франциядан жиналған ғалымдар тобы бес жыл бойы 145 мың адамға клиникалық зерттеу жүргізген. Олар қан қысымының сынап бағанасын 5 миллиметрге төмендету екінші типтегі диабеттің асқыну қаупін 11 пайызға азайтатынын анықтады. 

Бұдан соң ғалымдар гипертонияға қарсы препараттардың тиімділігі жайлы 22 зерттеудің деректерін талдаған. Оның барысында ангиотензинге айналдырушы фермент ингибиторлары мен ІІ ангиотензин рецепторлары блокаторларының қорғаныш әсері ең көп екені белгілі болған. Бұл препараттың екеуі де екінші типтегі диабеттің асқыну қаупін 16 пайызға төмендеткен.

“Біздің зерттеуіміз кең таралған әрі бұқараға қолжетімді ингибиторлардың қазір өршіп бара жатқан екінші типтегі диабеттің деңгейін азайтуға көмектесетінін дәлелдейді”, – дейді авторлардың бірі, Оксфорд университетінің профессоры Казем Рахими. 

Ал гипертонияға қарсы өзге препараттарда мұндай әсер жоқ болып шықты. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері