Нұр-Сұлтан -4.2°
16.11.2021, 18:10
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Жеке сот орындаушысы екі қыздың жалғыз үйін тартып алмақ болған

Алматы қалалық соты ата-анасыз қалған қос қыздың баспанасын өздеріне қалдыратын болды. Жеке сот орындаушысы Расулов анасы сотталып кеткен 15 және 3 жастағы қыздарды үйлерінен күштеп шығарып, олардың баспанасын сатып жібермек болған, деп хабарлады Elorda.Info.

Жеке сот орындаушысы екі қыздың жалғыз үйін тартып алмақ болған

Расуловтың баспананы алу туралы құйтырқы әрекетін Медеу аудандық сотының судьясы Молдабаев та қолдап, шешім шығарып берген. Аудандық соттың шешімі бойынша қос бала баспанадан күштеп шығарылу керек еді. Жеке сот орындаушы анасы сотталып кеткен балалардың баспанасын иелерінің қатысуынсыз, өз бетінше бағалап, сатуға қоймақ болған. Дегенмен, қалалық соттың судьясы Бақытжан Елшібаев бұл шешімнің күшін жойды.

«Жеке сот орындаушысы атқару парағын орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы ұсыныспен сотқа жүгінді. ЖСО талаптары оның өндірісінде И.-дан және басқа да сотталғандардан жәбірленуші К-ның материалдық залалдың пайдасына 46 млн. теңге сомасында ортақ тәртіппен өндіріп алу туралы атқару парағының болуымен негізделген. Борышкерде (сотталған И.) басқа мүлік пен ақша қаражатының болмауына байланысты сот орындаушысы Алматы қаласында орналасқан жылжымайтын мүліктегі ½ үлестен өндіріп алуды сұрады. Бұл үйде сотталушының әпкесі мен балалары тұрады. Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымымен ЖСО ұсынысы қанағаттандырылды, борышкердің мүлкі өндіріп алынды», - деп хабарады қалалық сотының баспасөз қызметі.

Жеке сот орындаушы Расуловтың мүлікті бағалау кезінде асығыстық танытып, меншік иелері немесе олардың өкілдерінің қатысуынсыз жүргізгені анықталды. Медеу ауданында өткен алғашқы сот ісіне балалардың өкілдері де, түрмеде жазасын өтеп жатқан Иделшаеваны да қатыстырмаған. Енді істің ақ-қарасын анықтамай жатып шешім шығарған аудандық соттың судьясы мен сот орындаушысы жазаланатын болды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері