Нұр-Сұлтан -4.8°
16.11.2021, 15:30
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

2025 жылы бакалавр студенттерінің стипендиясы 2 есе өседі

Қазақстанда жалпы саны 122 жоғары оқу орны бар. Оның тең жартысы жекеменшік оқу орындары. Білім беру сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік грант саны мен стипендия көлемі артады, деп хабарлады Elorda.Info.

2025 жылы бакалавр студенттерінің стипендиясы 2 есе өседі

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

«2025 жылы мектеп бітірушілерге 75 мың грант бөлінеді. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған шәкіртақы көлемі артады. Атап айтқанда, бакалавр студенттердің шәкіртақысы 2025 жылы 2, ал магистратура мен доктарантурада білім алушылардың стипендиясы 1,5 есе өседі», – деді министр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері