Нұр-Сұлтан -4.8°
16.11.2021, 15:10
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Министр суға сараланатын тариф енгізуді ұсынды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстанда суды тұтынуға сараланған тарифтер енгізуді ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.

Министр суға сараланатын тариф енгізуді ұсынды

"Мемлекет басшысы атап өткендей, су ресурстарын ұтымды пайдалануымыз керек. Соның бірі – халықты суды ұқыпты тұтынуға ынталандыру. Қолайлы өмір сүру үшін жеткілікті тұтыну нормасын айқындап, сараланған тарифтерді енгізу қажет", - деді министр Үкімет отырысында.

Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, өңірлерде су тұтынуға кешенді талдау жүргізу, соның негізінде бүкіл отбасына оңтайлы тұтыну нормасын айқындау талап етіледі. Бұл ауызсумен жабдықтау өндірісі мен сарқынды суларды тазарту шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді деп күтіліп отыр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері