Нұр-Сұлтан -4.2°
16.11.2021, 13:15
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қарағандыда ірі жол апаты болды (ВИДЕО)

Қарағанды ​​маңында жан түршігерлік жол апаты орын алды. Көлік қарсы жолаққа шығып кетіп, автобусқа соғылған. Апат салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлады Elorda.info.

Қарағандыда ірі жол апаты болды (ВИДЕО)

Қарағанды ​​– Саран – Шахтинск тасжолының Ақтас ауылының маңында Nissan Sunny көлігі мен ПАЗ автобусы соқтығысты.

Алдын ала мәлімет бойынша, Nissan Sunny көлігінің 33 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, автобуспен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Көлік қатты зақымдалған. Марқұмның денесін құтқарушылар шығарған.

«Жол апаты кезінде автобуста бес адам болған. Олар зардап шеккен жоқ. Факті полицияда тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады» – деп хабарлады Қарағанды ​​облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері