Нұр-Сұлтан -0.8°
15.11.2021, 23:59
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Францияның жалауы жаңарды

Франция президенті Эммануэль Макрон мемлекет туындағы көк түсті қою көкке өзгертті, деп хабарлайды Elorda.info Le Parisen газетіне сілтеме жасап.

Францияның жалауы жаңарды

Бұл өзгеріс ресми түрде жарияланбағандықтан, бір жылдан астам уақыт бойы назардан тыс қалған, деп хабарлайды Europe 1. Сонымен қатар басылым тудағы бұл реңктің 1793 жылғы Франция туына сілтеме екенін хабарлайды. Шешімге ішінара эстетикалық себептер де әсер еткен, өйткені Франция мен ЕО туы көп жерде түстес болып қалған.

Жаңартылған жалаулар Елисей сарайының, Ұлттық жиналыстың және Ішкі істер министрлігінің үстінде желбіреді. Француз туының түсін өзгерту туралы шешімді Елисей сарайының бас операциялық директоры Арно Жоленстің бастамасымен 2020 жылдың 13 шілдесінде Республика Президенті қабылдады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері