Нұр-Сұлтан -0.8°
15.11.2021, 23:00
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстанда қай елдердің вакцинация паспорты жарамды

ҚР Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Құжатта Қазақстан аумағында вакцинация паспорты жарамды 20 мемлекеттің тізімі берілген, деп хабарлайды Elorda.info.

 

Қазақстанда қай елдердің вакцинация паспорты жарамды

ҚР Бас санитар дәрігерінің міндетін атқарушы Айжан Есмағамбетованың қолы қойылған құжат Бас санитар дәрігердің осыған дейінгі №48 қаулысына қосымша ретінде берілген.

«Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құжаттардың үлгісі бойынша Аргентинада, Мажарстанда, Грузияда, Иран Ислам Республикасында, Иорданияда, Қырғызстанда, Мальдив Республикасында, Моңғолияда, Арменияда, Беларусьта, Молдовада, Перуде, Сан-Маринода, Сербияда, Тунисте, Үндістанда, Филиппинде, Таиландта, Түркияда және Эстонияда берілген азаматтардың КВИ-ге қарсы вакцинация паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын», – деп жазылған құжатта.

Қаулы бүгіннен бастап күшіне енді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері