Нұр-Сұлтан -4.2°
15.11.2021, 21:30
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Диабетке шалдыққан қазақстандықтардың саны артты

Соңғы бес жылда елімізде диабетке шалдыққандар саны 1,5 есе артқан. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Алматы филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді, деп хабарлайды Elorda.info.

Диабетке шалдыққан қазақстандықтардың саны артты

Оның айтуынша, Қазақстанда диабеттен зардап шегетіндердің саны 2015- 2016 жылдары 208 мың шамасында болса, бүгінгі таңда 380 мыңға жеткен.

«Қазақстанда 2-типтегі қан диабетіне шалдыққандар саны көбейіп барады. Ересектердің оннан бір бөлігі осы дерттен зардап шегеді. Диагноз дер кезінде қойылған жағдайда бұл дертті ауыздықтауға болады. Өкінішке қарай, көбінің ауруы тым кеш анықталып жатады», – деді филиал басшысы.

Қазақстан диабетті зерттеу қоғамдық қорының дерегінше, Алматы қаласында 2-типтегі қант диабеті өлім-жітім саны жағынан жүрек-қан тамыры ауруларынан кейін екінші орында тұр. COVID-19 пандемиясынан кейін осы ауруға шалдыққан пациенттер арасында өлім-жітім артқан.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері