Нұр-Сұлтан
15.11.2021, 17:00
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстанда эпидахуал жақсарып келеді – А.Мамин

Премьер-министр Асқар Мамин Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға баға берді, деп хабарлады Elorda.Info.

Қазақстанда эпидахуал жақсарып келеді – А.Мамин

БАҚ өкілдерімен кездесуде премьер-министр елдегі коронавирусқа қатысты жағдай жақсарып келе жатқанын айтты.

«Бүгінде елімізде «қызыл» аймақта екі өңір – Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары бар. Вакцинацияға келер болсақ, 8,5 миллион адам бірінші компонентті алды. Екінші компонентті - 7 миллион 800 мың адам. Ересектердің 75 пайызы бірінші, ал 69 пайызы екінші компонентті салдырды. Бұл ТМД елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Сонымен қатар біз қазір вакцина ала алатындардың санатын кеңейттік. Енді бұл тізімге бала емізетін және жүкті әйелдер, сондай-ақ 12-ден 18 жасқа дейінгі оқушылар қосылды», - деді Асқар Мамин.

Премьер-министрдің сөзінше, жұқпалы аурулар ауруханаларындағы жүктеме деңгейі денсаулық сақтау жүйесі жұмысын орындап жатыр деп айтуға мүмкіндік береді.

«Біз төртінші толқыннан аман өттік. Еуропаның кейбір елінде және біздің көршілес елдерде қандай жағдай қалыптасқанын білесіздер. Осыған орай, біз санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақты сақтай алып отырмыз деп санаймын. Аталмыш екі өңір (Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары) біз бақылап отырған динамикаға сәйкес, жақын арада «қызыл» аймақтан шығуы тиіс», - деді үкімет басшысы.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері