Нұр-Сұлтан
15.11.2021, 14:00
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елбасы қаржыгер Дәулет Сембаевтың отбасына көңіл айтты

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көрнекті қаржыгер, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Дәулет Сембаевтың өмірден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Елбасы қаржыгер Дәулет Сембаевтың отбасына көңіл айтты

«Саналы ғұмырын отандық қаржы саласын дамытуға арнаған Дәулет Хамитұлы тәуелсіз Қазақстанның зейнетақы жүйесін реформалауға, ұлттық валютамыз – теңгенің енгізілуіне елеулі үлес қосқан қайраткер тұлға болатын. Ол көптеген жауапты қызметтерді абыроймен атқарды. Премьер-министрдің бірінші орынбасары, Ұлттық банк төрағасы, Парламент Сенатының депутаты болды. Білім-білігімен және қажырлы еңбегімен еліміздің өсіп-өркендеуіне аянбай атсалысып, көптің зор құрметіне бөленді», – делінген жеделхатта.  

Елбасы Дәулет Сембаевтың жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері