Нұр-Сұлтан -4.8°
15.11.2021, 11:20
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қарағанды – Нұр-Сұлтан тасжолында жол апатынан екі адам қаза тапты

Қарағанды – Нұр-Сұлтан тасжолында бес көлік апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан екі адам қаза болды, деп хабарлады Elorda.info.

Қарағанды – Нұр-Сұлтан тасжолында жол апатынан екі адам қаза тапты

14 қарашада сағат 19.20-да Қарағанды – Нұр-Сұлтан тасжолында ірі жол апаты болды. Көктайғақ пен қалың қардың әсерінен тасжолда бірден бес көлік соқтығысты. Оқиға орнында алған жарақаттардан екі адам қаза тапты. Апат болған жерден түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралды.

«Бұл дерекке қатысты ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі «Абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды, нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады. Қарағанды облысының Полиция департаменті жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұрайды», – делінген хабарламада.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері