Нұр-Сұлтан 17°
×
14.11.2021, 14:30
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстан коронавирусқа қарсы дәріні жусаннан жасайтын болды

Қазақстанда коронавирусқа қарсы отандық дәрі жасалатын болды. Ғалымдар оны өз жерімізде өсетін жусаннан дайындамақ, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстан коронавирусқа қарсы дәріні жусаннан жасайтын болды

Бұл жөнінде Сенат депутаттарының жолдаған сауалына жауап ретінде премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді. Оның айтуынша, вирусқа қарсы дәрі жасау ісі екі бағдарлама бойынша қарастырылған.

Үш жылға 500 миллион теңге бөлінген бірінші бағдарламаны Д.В. Сокольский атындағы Отын, катализ және электрохимия институты жүзеге асырады.

Екінші бағдарлама бойынша кешенді жұмысты «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС атқаратын болды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері