Нұр-Сұлтан 17°
×
08.11.2021, 12:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қарағандылық келіншек кафеге келген әйелдің жағын сындырды

Қарағандыда келіншек кафеге келген әйелдің жағын сындырды, деп хабарлады Elorda.info.

Қарағандылық келіншек кафеге келген әйелдің жағын сындырды

“17 мамырда Орталық полиция бөліміне 32 жастағы қала тұрғыны хабарласқан. Ол кешкі мезгілде кафелердің біріне барған. Осы жерде ол белгісіз келіншекпен ұрысып қалады. Екеуара жанжал кезінде күдікті жәбірленушіге бірнеше рет соққы жасап, дене жарақытын салған. Жақ сүйегі сынған арызданушы медициналық мекемеге жүгінген”, – делінген хабарламада.

Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғады.

28 қазанда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 28 жастағы әйелді анықтап, ұстады.

Күдікті қылмысын мойындап, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері