Нұр-Сұлтан 15.9°
×
08.11.2021, 09:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстан әскері «Мызғымас бауырластық – 2021» оқу-жаттығуларына қатысты

ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгершілік күштерімен бірлесіп өткізілетін оқу-жаттығуларға қатысу үшін Ресей Федерациясына барды, деп хабарлады Elorda.Info.

Қазақстан әскері «Мызғымас бауырластық – 2021» оқу-жаттығуларына қатысты

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің таратқан хабарламасына сәйкес, оқу-жаттығудың ашылуы рәсімі Қазан қаласындағы Жуков Қызыл ту ордені жоғары командалық танк училищесінің полигонында өткен.

Оқу-жаттығудың негізгі міндеті – бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларды жүргізуде ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерінің құрамына кіретін әскери бөлімдер мен бөлімшелердің үйлесімділігін арттыру.

Ұжымдық күштерінің топтары алдында бітімгершілік операцияны дайындау және жүргізу бойынша тапсырмаларды пысықтау міндеттелді. Атап айтқанда, бітімгерлердің оқу-жауынгерлік тапсырмаларына босқындар лагерінде жұмыс істеу, гуманитарлық жүгі бар лектерді алып жүру, дағдарыс ауданында орналасқан елді мекенді оқшаулау және тосқауыл бекеттерінде қызмет ұйымдастыру кірді.

Жттығулардың қорытынды бөлігінде әскерилер «содырлар» орналасқан ғимаратқа шабуыл жасап, «кепілге алынған адамдарды» босатты және зардап шеккендерге көмек көрсетті.

«Мызғымас бауырластық – 2021» атты оқу-жаттығуға бақылаушы ретінде Сербия Республикасы мен Халықаралық Қызыл Крест комитетінің өкілдері шақырылды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері