Нұр-Сұлтан 18.8°
×
06.11.2021, 13:41
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада оңай олжаға кенелгісі келген 4 адам ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті тонау қылмысын жасаған 4 күдіктіні ұстады, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада оңай олжаға кенелгісі келген 4 адам ұсталды
фото: egemen.kz

Белгілі болғандай, күдіктілер 24 жастағы азаматқа 650 теңге көлемінде шығын келтірген. Оның «iPhone 12» ұялы телефонын және «Apple» смарт сағатын тартып алып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Ведомство мәліметінше, жәбірленуші  қала көшелерінің бірінде екі қызбен танысып, номер алмасқан. Артынша қыздардың бірі ватсап желісі арқылы таныстықты жалдамалы пәтерде жалғастыруды ұсынып хабарласады.

«Жәбірленуші бір тәулікке пәтер жалдап жаңа танысқан қызын кездесуге шақырады, ал қыз аталған пәтерге дос қызымен бірге келеді. Спирттік ішімдікті ішкен жұп жатын бөлмеге бөлініп кетеді. Содан арадан жарты сағаттай өткенде бөлмеге бейтаныс екі жігіт баса көктеп кіріп жәбірленушіні ұрып соғып ақша талап ете бастайды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «Алматы» ауданының полицейлері тонау қылмысын жасаған төрт күдіктіні, 18 және 19 жастағы екі қыз бен екі жігітті ұстады. Тергеу барысында топ оңай ақшаға кенелу мақсатында қылмысты алдын ала жоспарлағаны анықталды. Алаяқ жастар өз кінәларын мойындап түсініктеме берді, «Аpple» маркалы смарт сағаты тәркіленді. Алайда олар ұялы телефонды сатып үлгерген. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – делінген департамент хабарламасында.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері