Нұр-Сұлтан 15.9°
×
05.11.2021, 12:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Салықтан жалтарғандардың көлігін тартып алу басталды

Алматыда жауапкершіліктен жалтарған жүргізушілердің көлігін тартып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Elorda.info.

Салықтан жалтарғандардың көлігін тартып алу басталды
Фото: azattyq-ruhy.kz

Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, 41 мыңға жуық салық төлемей жүрген жүргізушілер бар. Жеке жүргізушілердің көлік салығы бойынша қарызы 3,6 млрд теңгеден асып отыр.

«МКД автожолдарда Әділет департаментінің өкілдерімен және жол полициясының қызметкерлерімен бірлесіп «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінің көмегімен көлік құралдары салығы бойынша борышкерлерді анықтау іс-шараларын бастады. Қарыз соммасы 534,1 мың теңге құрайтын NISSAN PATROL маркалы автокөлік ұсталып, айыппұл тұрағына қамалды», - делінген ведомство хабарламасында.

Осы ретте, жүргізушілер салықты E-Salyq Azamat мобильді қосымшасы, Egov порталы арқылы, Қазпошта бөлімшелерінде, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшасы арқылы төлей алады. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері