×
05.11.2021, 11:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Жалған шот-фактура жасаған тұрғын 4,5 жылға сотталды

Павлодар қаласының тұрғыны жалған шот-фактура жасағаны үшін 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Elorda.info.

Жалған шот-фактура жасаған тұрғын 4,5 жылға сотталды
Фото: ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Белгілі болғандай, О. Щипило деген азамат бұрын істі болған А. Колесниковпен сөз байласып,  үш жыл бойы жосықсыз компанияларға салық төлеуден жалтару үшін көмектескен.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша аймақтық департаментінің мәліметінше, қылмыс жасаушы өз бақылауындағы «Призма Плюс», «Конэктгрупп» және «Солмир» ЖШС деген компанияларды қатыстырып, заңға қайшы әрекетке барған. Соның салдарынан мемлекетке төленбеген салықтар түрінде 500 млн теңгеден астам сомаға залал келтіріп отыр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері