×
05.11.2021, 10:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған күдікті Германиядан экстрадицияланды

Күдікті азамат Германиядан экстрадицияланды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Elorda.info.

Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған күдікті Германиядан экстрадицияланды

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Германиядан Қазақстан Республикасының 32 жастағы азаматы Айдос Қанатұлы Шәріповты экстрадициялады.

“Шәріпов Еуроодақ елдерінде (Литва, Норвегия, Германия, Дания, Финляндия) жұмысқа орналасу сылтауымен жеке кәсіпкер болып жұмыс істей отырып, Қазақстан азаматтарына ірі залал келтірді деп күдіктенеді. Оның қылмыстық әрекетінен 60-тан астам зардап шегушіге келтірілген залал сомасы 34 млн теңгені құрайды. Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланды”, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта А.Шәріпов Нұр-Cұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалған.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері